Данилина Дубайда өткен турнирдің жұптық сынында топ жарды

Данилина Дубайда өткен турнирдің жұптық сынында топ жарды

Қазақстандық Анна Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге Дубайда (БАӘ) өткен ITF турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Финалдық кездесуде қазақстандық-словакиялық жұп ресейлік Ангелина Габуева мен Анастасия Захарованы 4:6, 6:3, 10:2 есебімен жеңді.

Бұл ITF титулы Данилина үшін осы маусымдағы жұптық сайыстағы сегізінші титул болды.

Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или