Қазақстандық теннисші Дубайда өткен додада топ жарды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Дубайдағы жарыстың жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Анна Данилинаға словакиялық Виктория Кузмова көмектеседі. Шешуші ойында ресейліктер Ангелина Габуева мен Анастасия Захарова жұбын 2:1 (4:6, 6:3, 10:2) есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Аталған доданың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрағанын да айта кеткен жөн.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или