Нұр-Сұлтандағы кеште жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтандағы кеште жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы Николай Шваб (7-0, 3 КО) 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешіне қатысушылардың бірі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, оның қарсыласы 35 жастағы ганалық Натаниэль Нукпе (13-8-1, 13 КО) болмақ. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек алты раундтан тұрады.

Шваб өзінің алдыңғы жекпе-жегін Майамиде (Флорида, АҚШ) 9 шілдеде өткізіп, америкалық Рональд Хаббертті (13-18-3, 8 КО) жеңді. Қазақстандық үшін алдағы жекпе-жек өз еліндегі алғашқысы болмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или