Әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне тұрғын үй сертификаты табысталды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне тұрғын үй сертификаты табысталды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2021 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткеннен кейін Шымкенттен бір бөлмелі пәтер алды, деп хабарлайды Prosports.kz Instagram желісіндегі Тағайбай Қасымовқа сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сабырханға бір бөлмелі пәтердің тұрғын үй сертификатын өзі табыстады. Жиынға Шымкент қаласы бокс федерациясының президенті Асқар Тұрысбеков те қатысты. Оқиға орнынан түсірілген суреттер төменде берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Махмуд Сабырхан Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Боксшы финалда 54 келіге дейінгі салмақта Жапония өкілі Томое Цубоймен кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылып қалды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или