Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Зәуреш Ақашева Олимпиада чемпионына есе жіберді

Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Зәуреш Ақашева Олимпиада чемпионына есе жіберді

Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Зәуреш Ақашева әлем біріншілігін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

1/32 финалда Ақашеваға Олимпиада чемпионы Ито Мима (Жапония) қарсы тұрды. Матч қиын әрі шиеленісті өтті, Ито өзіндік стильде ойнап, спортшымызға мүмкіндік бермеді. Дегенмен Зәуреш екінші және төртінші партияларда тиісінше 9 және 11 ұпай жинап, жапон спортшысына лайықты қарсылық көрсетті. Алайда, жеңіске жете алмады. Матч Ито Мима пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или