«Кез келгенімен шығуға дайынбыз». Әлімханұлының командасы чемпиондық жекпе-жек туралы айтты

«Кез келгенімен шығуға дайынбыз». Әлімханұлының командасы чемпиондық жекпе-жек туралы айтты

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) командасы биылғы жекпе-жектерді қорытындылап, әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті жанкүйерлер! Аллаға шүкір, бір белесті артта қалдырдық. Биыл екі бірдей экс әлем чемпионын ұттық. Бұйыртса, алдымызда чемпиондық жекпе-жек тұр.

Оның болғанынан боладысы қызық болары анық. Өздеріңіз де жаңалықтардан оқып жатқан шығарсыздар. Біздің кез келген чемпионмен шығуға дайын екенімізді білесіздер. Сіздер сияқты біз де жаңалықтар күтеміз.

Әзірге команда демалыста. Әлеуметтік желідегі белсенділікті азайтамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Жеңісті күндерде жолығайық!», – делінген Әлімханұлы командасының жазбасында.

Еске салайық, 2021 жылы Жәнібек Әлімханұлы екі жекпе-жек өткізген. Әлемнің экс-чемпиондары Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды мерзімінен бұрын жеңген.

Фото nstagram.com/janibek_qazaqstyle

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или