Ақтауда марафон өтеді
1 желтоқсанда Ақтау қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бұқаралық жаппай жүгіру жарысы өтеді. Жарыстың ашылу салтанаты 1 желтоқсан, сағат 11:00-де.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп, жоғары дәрежеде көңіл бөліп келеді. Марафонды Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілігімен Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырып жатыр.
Марафонның мақсаты мен міндеттері: қалада жеңіл атлетиканы дамыту және танымалдылығын арттыру; салауатты өмір салтын насихаттау; халықты сауықтыру іс-шараларына тарту;
Жарысқа дәрігер анықтамасы (рұқсаты) бар орта мектеп, колледж, институт оқушылары, Ақтау қаласының тұрғындары, мамандандырылған мектеп оқушылары қатыса алады. Команда құрамына жынысы мен саны бойынша шектеу жоқ. Марафонға 1000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Жүгіру бағыты 2 ш/а «Ақтау» қонақ үйі жанынан бастап орталық жолмен 5,6,7,8 ш/а арасымен жүгіріп, «Ақтау» қонақ үйіне кері қайту.