Спорттық жүріс бойынша Жапонияда Азия чемпионаты өтпейді

Спорттық жүріс бойынша Жапонияда Азия чемпионаты өтпейді

Жеңіл атлетиканың спорттық жүріс санаты бойынша Азия чемпионатының өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді.

- Жапон үкіметінің бұйрығына байланысты ұйымдастыру комитеті мен Жапония жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы 2022 жылы 20 наурызда Номи қаласында (Жапония) спорттық жүріс бойынша жыл сайынғы Азия чемпионатын тоқтату туралы шешім қабылдады, - делінген Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеген хабарламада.

Айта кетерлігі, 2019 жылы Номи қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық Григорий Шейко күміс медаль иегері атанып, Токио Олимпиадасына қатысуға жолдама жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или