Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге беташар ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті. Бірінші партияда Данилина мен Кузьмова үш брейктің нәтижесінде басымдылық танытты – 6:3.
Екінші сетте қазақстандық-словакиялық жұп 2:4 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Сосын 5:5 болған мезетте тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де алды – 7:5.
А.Данилина мен В.Кузьмова жартылай финалға шығу үшін түркиялық Берфу Ченгиз – Польша өкілі Вероника Фалковска немесе словакиялық Кристина Куцова – Рената Воракова жұптарының қай жеңгенімен таласады. Жекелей сында А.Данилина алғашқы айналымда А.Гасановаға есе жіберді – 1:6, 4:6.