Жақсы ақша төленсе, Головкинмен кездесуге дайынмын – Питер Куиллин

Жақсы ақша төленсе, Головкинмен кездесуге дайынмын – Питер Куиллин

WBO тұжырымында орта салмақтағы экс-чемпион Питер Куиллин (31-0, 22 KO) қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен (32-0, 29 КО) кездесуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Егер менеджерім Эл Хэймон бұл кездесуді ұйымдастырамын деп жатса, мен қарсы келмеймін. Себебі, Головкин қазіргі уақытта орта салмақтағы ең мықты боксшы. Сондықтан мұндай кездесулер аз ақшаға өтпейтінін де ескеруіміз керек», - дейді Куиллин.

Айта кету керек, Питер Куиллин 2014 жылдың қыркүйегінде ресейлік Матвей Корбовпен жекпе-жек өткізуден бас тартып, WBO тұжырымындағы әлем чемпионы белбеуінен айырылған болатын. Енді ол 10 сәуір күні Бруклинде WBO тұжырымындағы әлем чемпионы ирландиялық Энди Лимен (34-2, 24 КО) қолғап түйістіріп, WBO чемпионы белбеуін сарапқа салады.

Ал Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамырда Лос-Анджелесте өтеді, оның қарсыласы америкалық боксшы Вилли Монро (19-1, 6 КО).

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или