Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы әлем чемпионатына қатыспайды
23 қарашада Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты басталады, деп жазады Prosports.kz.
ҚТФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа 120 ер адам мен 118 әйел адам қатысады.
Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) өнер көрсетеді. Ел құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан) бірқатар объективті себептер бойынша әлемдік теннис форумында өнер көрсетпейді.
Жарыс плей-офф форматында өтеді. Жеребе тасталғаннан кейін біздің спортшыларымыздың қарсыластары анықталды: Зәуреш Ақашева (Қазақстан) - Даниели Риос (Пуэрто-Рико), Анастасия Лаврова (Қазақстан) - Андрея Драгоман (Румыния).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или