Головкин Мунгиямен кездессе, Әлімханұлы Андрадемен жекпе-жек өткізеді

Головкин Мунгиямен кездессе, Әлімханұлы Андрадемен жекпе-жек өткізеді

The Ring журналисі әрі The Neutral Corner подкастының авторы Майкл Монтеро WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион Деметриус Андраде мен қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек ұйымдастыру идеясын қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBO-ға ресми хат жолдап, чемпиондық атақ үшін Андрадемен жекпе-жек өткізуге рұқсат сұраған.

Монтеро ұйым рейтингісінде бірінші орында тұрған Хайме Мунгия тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін, ал Андрадемен кездесуге асықпайтынын айтты. 

«Хайме Мунгия Деметриус Андрадемен жекпе-жекке қызығушылық танытпайтындықтан (ол GGG-мен кездескісі келеді), Рейтингте 2-орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы Андрадемен жекпе-жек өткізе алады. Ол титул иесімен кез келген уақытта және кез келген жерде жұдырықтасуға дайын», - деп жазды Монтеро твиттер парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или