Биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Биатлоннан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы 27-28 қарашада швециялық Эстерсундте өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер командасының құрамына Галина Вишневская, Дарья Климина, Елизваета Бельченко мен Людмила Ахатова енді.

Ал ерлер арасындағы жарыстарға Александр Мухин, Владислав Киреев пен Данил Белецкий қатысады.

Сонымен қатар, бас бапкер Мақсат Шаранов IBU кубогындағы спринт пен із қуу қорытындысы бойынша ерлер құрамасынан Әлем Кубогының екінші кезеңіне қатысатын тағы бір спортшы қосылатынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или