Қазақстандық теннисші эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті.
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Бублик биылғы маусымда 62 матчта 840 эйс жасап, көш бастады. Германиялық Александр Зверев 74 кездесуде 749 эйске қол жеткізіп, екінші орыннан көрінді. </span>
<span>Америкалық Рейлли Опелка (43 ойын, 737 эйс) үздік үштікке ілікті. Тағы бір америкалық Джон Изнер (34 матч, 701 эйс) төртінші орынға табан тіреді. </span>
<span>Биыл спорттық жолында ең үлкен табысына қол жеткізген ресейлік Даниил Медведев (71 кездесу, 652 эйс) бесінші сатыда.</span>
<span> Александр Бублик осы аптада Мадридте Дэвис кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан намысын қорғайды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или