Чемпиондық белбеу бәске тігілетін Қоңқабаев — Уорд жекпе-жегі ресми жарияланды
Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) келесі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 11 желтоқсанда Алматыда өтетін MTK Kazakhstan бокс кешінде британдық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) кездеседі. Бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуі бәске тігіледі.
Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев про-рингте өткен жылдың тамыз айында дебют жасап, қатарынан үш рет нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Ақпан айындағы соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Сервер Емурлаевты (24-3, 8 КО) алтыншы раундта жеңіп, WBO тұжырымы бойынша Азия-Тынық мұхиты чемпионы атанды.
Стивен Уордқа келетін болсақ, 2020 жылдың қыркүйегінде ол британдық Джон Волауды (5-6, 2 КО) ұпай саны бойынша жеңді. Содан бері шаршы алаңға шыққан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или