Бекман Сойлыбаев рингке қашан оралатыны белгілі болды
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (12-1, 4 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
BoxRec.com сайтының мәліметінше, Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 15 қаңтар күні Ақтау қаласында Adal Promotions жергілікті промоутерлік компанияның бокс кеші аясында өтеді. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін биыл тамызда Дубайда (БАӘ) өткізді. Онда төрешілердің басым бөлігінің шешімімен мексикалық Рамиро Сесенеден (14-0-1, 11 КО) жеңіліп қалды. Бекман үшін бұл төрт жылғы үзілістен кейінгі бірінші айқас болды. Бұған дейін ол 2017 жылдың 19 қазанында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или