Екатерина Шабалина Африка кубогында қола жүлде жеңіп алды

Екатерина Шабалина Африка кубогында қола жүлде жеңіп алды

<span>Екатерина Шабалина Мороккода өткен Африка кубогында триатлоннан қола жүлде жеңіп алды. </span>

<span>«Кеше Морокконың Дахла қаласында спринт қашықтығындағы триатлоннан Африка кубогы өтті. Сайысқа әлемнің 15 елінен келген Elite санатындағы 37 триатлоншы қатысты. </span>

<span>Осы сайысқа қатысқан жалғыз қазақстандық спортшы Екатерина Шабалина 01:01:34 нәтиже көрсетіп қола жүлдеге ие болды. Бірінші және екінші орындарды жапондық спортшылар Минори Икено (01:00:57) и Чисато Накаджима (01:01:12) алды», - деді триатлоннан Нұр-Сұлтан қалалық аға жаттықтырушысы Мұрат Әубәкіров. </span>

<span>Ерлер арасындағы бірінші орынды жуырда Тхонъенде өткен Әлем кубогында жеңіске жеткен мароккалық Джавад Абдельмула (00:52:27) жеңіп алған. Екінші орынды – жапондық Рен Сато (00:52:32), үшінші орынды – ресейлік Денис Колобродов (00:52:38) иеленді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или