Конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңі: Екатерина Айдова В финалында ондыққа енді
Норвегияда конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Қазақстан ерлер командасы спринттен финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Командалық спринтте қазақстандықтар жеңімпаздан 2.77 секундқа артта қалып, жетінші орын иеленді.
Бұл бәсекеде Қытай командасы алтын жүлдегер атанса, күмісті Норвегия, қоланы Польша спортшылары еншіледі.
10 000 метрге жарысудан В тобында сынға түскен Бақдәулет Сағатов 28, Виталий Щиголев 30, Максим Баклашкин 31-орынға тұрақтады.
Екатерина Айдова 500 метрге жарысудан В тобында 10-орын алса, Евгений Кошкин 18, Иван Аржаников 25-орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или