Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

<span>Қазақстандық Тимофей Скатов Кампинас (Бразилия) челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады.</span>

<span>Дүниежүзілік рейтингіде 259-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 94-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен күш сынасты. Өте тартысты өткен кездесу 3 сағат 35 минутқа созылды.</span>

<span> Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Екінші сетте корт иесі басымдылық танытты – 6:3. Шешуші, үшінші партияда бразилиялық спортшы тек тай-брейкте ғана жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или