Екпе алмаған теннисшілер Australian Open – 2022 турниріне қатыса алмайды

Екпе алмаған теннисшілер Australian Open – 2022 турниріне қатыса алмайды

Australian Open турнирінің директоры Крейг Тили теннисшілер 2022 жылғы Австралия ашық чемпионатына қатысу үшін толықтай коронавирусқа қарсы екпе алу керектігін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2022 жылы Australian Open және басқа да турнирлерді ұйымдастырушылар шетелдік теннисшілерді елге қандай шарттармен кіргізуге болатыны туралы жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Австралияның ашық чемпионаты келесі жылдың басында өтеді. Еске салайық, турнирдің қазіргі чемпиондары - Наоми Осака мен серб Новак Джокович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или