Әлихан Лесов «Ақсу» ФК директоры болып тағайындалды

Әлихан Лесов «Ақсу» ФК директоры болып тағайындалды

Бүгін «Орталық» стадионның баспасөз орталығында жиын өтіп, онда облыстық футбол федерациясының президенті Нұрлан Дүйсимбинов «Ақсу» футбол клубының командасына жаңа директорды таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақсу» футбол клубының басшылығында өзгерістер болды. Жанат Камалиев басшы қызметінен кетті. Өз кезегінде Жанат Қайырденұлына атқарған жұмыстары, «Ақсу» футбол клубының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді», – деді облыстық футбол федерациясының президенті.

Жанат Камалиев клуб құрылымындағы жұмысын басқа қызметте жалғастырады.

Әлихан Мұтабекұлы Лесов «Ақсу» ФК директоры болып тағайындалды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или