Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Тимофей Скатов Бразилиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Тимофей Скатов Кампинас (Бразилия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 259-орында тұрған Т.Скатов алғашқы айналымда әлемнің 186-ракеткасы, аргентиналық Рензо Оливоны 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 263-сатыдағы тағы бір аргентиналық Андреа Колларинимен ойнады. Бұл матч та тартысты өтіп, екі сағатқа созылды. Т.Скатов қарсыласын 7:6 (7:2), 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ол бәсеке барысында 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. А.Колларини 2 эйс, 2 брейктен аса алмады. Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, бразилиялық Тьяго Монтейромен кезедеседі.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или