Головкин мен Әлімханұлының The Ring рейтингіндегі орындары белгілі болды
The Ring беделді журналының сайты барлық салмақ дәрежелеріндегі рейтингілерінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Орта салмақ дәрежесінде бірінші орынды IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин сақтап қалған. Сондай-ақ, үздіктер «үштігінде» WBC белдігінің иесі Джермалл Чарло мен WBO чемпионы Деметриус Андраде тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы бұл тізімде жетінші орында қалды.
Рейтингтің ортасында өзгеріс болды – Мексика боксшысы Хайме Мунгия жапондық Риота Муратаны ығыстырып, алтыншы орыннан бесіншіге көтерілді.
The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздіктер рейтингі келесі:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Джермалл Чарло (АҚШ)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Сергей Деревянченко (Украина)
5. Хайме Мунгия (Мексика)