Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұловтың (3-1-2, 0 КО) АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы инстаграм желісінде жариялады.
Орта салмақта өнер көрсететін жерлесіміз 27 қарашада шаршы алаңға шығады.
BoxRec.com сайтындағы мәліметке сенсек, Темірланның қарсыласы америкалық Карим Глэдни (0-4) болады. Кездесу төрт раундқа есептелген.
Айта кетейік, Райымқұлов 9 қазанда Филадельфияда америкалық Джадон Эрвинді жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или