Волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Волейболдан Қазақстан кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Өскеменде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы финалдық кезеңінің соңғы матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жекпе жек» алаңында өткен кубок турниріне сегіз команда қатысып, екі топқа бөлінді. Алғашқы төрттікте «Алтай», «Есіл-СК», «Атырау» және Pavlodar командалары кірді. «В» тобында «Буревестник», «Маңғыстау», «Тараз» және «Ұшқын-Көкшетау» командалары өнер көрсетті.

Алты ойын күнінің қорытындысы бойынша «Тараз» үздік атанды. Екінші орын «Атырау» командасына бұйырса, үздік үштікті алматылық «Буревестник» түйіндеді.

Дүйсенбі, 15 қарашада волейболдан бас жүлденің иегері «Тараз» командасымен еліміздің қазіргі чемпионы «Буревестник» суперкубок ойынында кездеседі.

Турнир кестесі:
1. «Тараз» (Тараз)
2. «Атырау» (Атырау)
3. «Буревестник» (Алматы)
4. «Алтай» (ШҚО)
5. «Ұшқын-Көкшетау» (Ақмола облысы)
6. Pavlodar (Павлодар)
7. «Маңғыстау» (Актау)
8. «Есіль СК» (СҚО)

Үздік ойыншылар:
«Тараз» ВК — № 18 Вориводин Виталий
«Атырау» ВК — № 25 Әділбеков Айдын
«Буревестник» ВК — № 21 Устинов Михаил. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или