OCTAGON 25 турнирінің тікелей трансляциясы: Джаппарова - Дюжикова 2

OCTAGON 25 турнирінің тікелей трансляциясы: Джаппарова - Дюжикова 2

14 қарашада Алматыда OCTAGON лигасы ұйымдастыратын OCTAGON 25 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеш аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Ресей файтерлері 15 жекпе-жек өткізеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Анастасия Дюжикова (4-0) отандасы Максуда Джаппаровамен (5-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса жеңіл салмақта (56,7 келі) OCTAGON лигасының чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Турнир аясында Еркебұлан Тоқтар, Машрабжон Рузибаев, Руслан Серікпулов, Шермурат Калилов, Константин Линник және Магомед Идрисов сияқты файтерлер өнер көрсетеді.

Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасының сайтынан, PRIME FLIGHT TV, БОКС ТВ телеарналарынан, сондай-ақ Өзбекстан спорт телеарналарынан көруге болады.

Турнирдің ресми серіктестері – TURAN табиғи суы және 1XBET бкумекерлер компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или