«Мен үшін ол әлі жеңілген жоқ». Мурата Головкинге құрметін көрсетті

«Мен үшін ол әлі жеңілген жоқ». Мурата Головкинге құрметін көрсетті

Жапониялық боксшы Риота Мурата (16-2, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Менің әуесқой және кәсіпқой бокстағы карьерам осы жекпе-жекке дайындық болғанын сеземін. Бұл жекпе-жек орта салмақтағы және бокс тарихындағы орнымды анықтап береді. Головкин ұзақ уақыт орта салмақ көшбасшысы болды. Мен үшін ол әлі жеңілген жоқ, мен оны қатты құрметтеймін. Жапония бұл жекпе-жекті қабылдайтынына қуаныштымын, бұл мен үшін үлкен құрмет», - деді Мурата. 

Головкин — Мурата жекпе-жегі 29 желтоқсанда Сайтамада (Жапония) өтеді. Боксшылар орта салмақта IBF, WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или