Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Өскеменде өткен ITF Juniors J3 «Kazzinc Open» турнирінің жеңімпазы атанды.

<span>Жекелей сында финалда Сандуғаш Кенжебаева мен ресейлік Елизавета Масная бас жүлдені сарапқа салды. Жарыс барысында Масная қазақстандықтар апалы-сіңлілі Арыстанбековаларды және Аружан Сағындықованы жолдан тайдырған болатын. Әсіресе, 3 сағат 11 минутқа созылған жартылай финалдық матчта Аружан Арыстанбекованы жеңген еді. </span>

<span>Ал Кенжебаева жартылай финалда отандасы Дана Байдәулетпен 2 сағат 41 минут ойнады. Дегенмен соңғы бәсекеде С.Кенжебаева Е.Маснаядан 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.</span>

<span>Жұптық сында финалда қазақстандық теннисшілер өзара мықтыны анықтады. Осы доданың бірінші ракеткалары Аружан Сағындықова мен Дана Байдәулет Әсем Шойбек пен Стефания Шалахованы 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктірді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или