Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Қазақстан спортшыларының көрсеткіші

Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Қазақстан спортшыларының көрсеткіші

Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің бірінші кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынады.

Ерлер арасында 500 метрге жүгіруден В дивизионында сынға түскен Александр Кленко 26-шы орын иеленді.

Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден В дивизионында сынға түскен Екатерина Айдова 6-шы нәтиже көрсетті.

Ал әйелдер арасында 3000 метрге жүгіруден В дивизионында бақ сынаған Надежда Морозова жапондық Мисаки Ошигириге есе жіберіп, екінші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или