Герасименко Словениядағы турнирде қытайлық спортшыға жол берді
Словенияның Ново-Место қаласында үстел теннисінен WTT Contender турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған сынға Қазақстан атынан Кирилл Герасименко қатысқан болатын.
Турнирдің 1/16 айналымында Кирилл қытайлық Чжоу Цихаомен кездесті. Ол жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған спортшы.
Екеуара матч өте тартысты өтіп, қазақстандық спортшы 2:3 (11:8, 6:11, 6:11, 11:9, 4:11) есебімен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или