Головкиннің экс-қарсыластары ВКВ жекпе-жегінде тең түсті (ВИДЕО)

Головкиннің экс-қарсыластары ВКВ жекпе-жегінде тең түсті (ВИДЕО)

Таяуда Лас-Вегаста өткен ВКВ шоуында Американың танымал боксшылары Габриэль Росадо мен Кертис Стивенс қолғап түйістіді. Айта кетсек, бұл қос боксшы бұдан бұрын қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, нокаутқа түскен еді, деп хабарлайды allboxing.ru.

Жеті раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірі 69-66 есебімен жеңісті Стивенске берсе, қалған екі төреші боксшылардың екеуі де тең түсті деп есептеді — 66-66.

Атап өтсек, кездесудің бесінші раундында Стивенс қарсыласы Росадоны нокдаунға жіберді.

Аталмыш жекпе-жек BKB (Big Knockout Boxing) ережелері бойынша өтті. Ұрысты жүргізу ережелері, боксшылардың қолғаптары және төрешілердің есебі классикалық бокстан еш ерекшеленбейді. Тек раунд уақытында ғана айырмашылық бар, егер әдетте бір раунд 3 минутқа созылса, мұнда боксшыларға бар болғаны 2 минут беріледі. ВКВ чемпиондық атағы үшін өтетін жекпе-жектің ұзақтығы – 7 раунд, ал титулсыз жекпе-жектің ұзақтығы – 5 раунд. ВКВ жекпе-жектері Boxrec статистикасына енгізілмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или