Жүсіпов әлем чемпионатынан оралған соң жанкүйерлерге үндеу жасады
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов Белградтағы әлем чемпионатынан оралған соң жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында:
«Чемпионатты аяқтап, Отанымызға, отбасымызға аман-есен жеттік. Алдыда аздап демалып, әрі қарай жаттығуларымызды жалғастырамыз. Күтіп алған баршаларыңзға рақмет», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 67 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или