Елена Рыбакина: Жастарды теннис ойнауға ынталандырғым келеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді<br />
Спортшы елге ең алдымен жас ойыншылармен кездесу үшін келгенін атап өтті.
«Мен ең бірінші кезекте жас ойыншылармен кездесуге келдім. Оларды теннис ойнауға ынталандырғым келеді», - деді Рыбакина.
Еленаның жұмыс кестесі өте тығыз, ол елордада 11 қарашаға дейін болмақ. «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасын қолдау мақсатында балаларға шеберлік сабағын өткізеді, одан кейін «Барыс» ХК жаттығуына, фотосессияларға, теле және радио шоуларға қатысады, демеушілермен кездеседі, жарнамалық роликке түседі және үйсіз жануарларға арналған баспанаға барады.
Еске сала кетейік, Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде жаңа рекорд орнатты. Ол мансабында алғаш рет 14-орынға көтерілді. Бұған дейін оның ең жақсы жетістігі 16-орын болатын.