Махмұд Сабырхан әлем чемпионатын қорытындылады
Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан Белградтағы әлемдік доданы қорытындылады.
«Әлем чемпионатынан күміспен оралсам да, үлкен құрметпен күтіп алған, тілеулес болған барша жанкүйерге рахмет. Бұл әлем біріншілігіне әу баста алтын аламын деп барғанмын. Күміс медаль бұйырды, оған да тәуба.
Финалға дейін 4 жекпе-жек өткіздім. Барлығында басымдық таныттым. Ал ақтық сындағы жапон боксшысына қай жағынан есе жібергенімді білмеймін. Бірақ үстем болды.
Әрине, бұл жарыс маған үлкен тәжірибе сыйлады. Бұл бастамасы ғана. Алда талай дүбірлі сын күтіп тұр. Алдағы жылы Азия ойындары өтеді. Көп ұзамай Ташкентте лицензиялық әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Сол бәсекелерге дайындалып, осы жолы кеткен есені қайтарамыз», - деді Махмұд.