Годелли допинг пайдаланғаны үшін 2 жылға спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) үш албан спортшысын, соның ішінде 2014 жылы Алматыда өткен әлем біріншілігінде жеңіске жеткен Даниель Годеллиді допинг пайдаланғаны үшін спорттан шеттетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Даниэль Годелли, Ромела Бегай мен Хюсен Пулаку өткен жылдың қарашасында елімізде өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. Албан спортшыларының қанынан тыйым салынған станозолол табылды.

Бұған дейін ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған албаниялық ауыр атлет Даниэль Годеллидің қанынан станозолол стероиді табылғаны хабарланған болатын.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімімен Годелли мен Бегай 2 жылға, ал Пулаку бақандай 8 жылға спорттан шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или