Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Қазақстандық боксшы Айболды Дәуренұлы кәсіпқой рингте алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде 22 жастағы Айболды қазақстандық тағы бір дебютант Нұрсұлтан Байниязовқа қарсы жұдырықтасты.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған және үшінші раундта техникалық нокаутпен Дәуренұлының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Айболды Дәуренұлы кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или