Нұрсұлтанов пен Нұрдәулетов қатысатын кештің тікелей трансляциясы
Бүгін, 6 қарашада Ақтаудағы «Халық Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8 КО) беларусь боксшысы Дмитрий Атроховпен (16-11, 7 КО) кездеседі. Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Сондай-ақ, Бекзад Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) өзбекстандық Фарух Джураевпен (6-4-1, 2 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесу де 8 раундқа жоспарланған.
Кеште өзге де бірнеше қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.
Турнирдің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или