Абылайхан Жүсіпов: Спортта жүрген соң, алтын таққың келеді

Абылайхан Жүсіпов: Спортта жүрген соң, алтын таққың келеді

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов үшінші мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Тәжірибелі боксшы жартылай финалда бар күш-жігерін салғанын айтты деп жазады Olympic.kz. 

- Жекпе-жек туралы нақты ештеңе айта алмаймын. Бокстан хабары бар адамның барлығы да көрді. Аға бапкерлердің айтқанын толық орындадым, бар күшімді салдым.

Төрешілер туралы да ештеңе айта алмаймын. Үшінші мәрте қола алып отырмын, шүкір. Бірақ спортшы болған соң, спортта жүрген соң алтын таққың келетіні рас. Дегенмен, тоқтамаймыз, алға басамыз, - деді Абылайхан. 

Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында Абылайхан Жүсіпов жапониялық спортшыға есе жіберді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или