Мұхамедиұлы Универсиада-2015 жүлдегерлерін құттықтады

Қазақстан спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Спорт – халық денсаулығы» атты форумның ашылуында Универсиада-2015 жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Құрметті форумға қатысушылар, 27-ші Әлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері! Біздің спортшыларымызға көп көмегін тигізген бапкерлерге, тәлімгерлерге, мамандар мен дәрігерлерге және де ұйымдастырушы топтарға шын жүректен алғысымды айтуға рұқсат етіңіздер. Мемлекетіміз әрбір облыста бұқаралық спорт түрлерінің жоғары деңгейге көтерілуіне көп назар аударуда. Бұл жүйедегі басты рөл спортшыларымыздың әлемдік ареналардағы жетістікке жетулері мен жоғары деңгейлі халықаралық жарыстарды өз елімізде қабылдау», дейді Мұхамедиұлы Bnews.kz сайтында.

Словакия және Испанияда өткен Универсиаданың қорытындысы бойынша, еліміз 5 алтын, 6 күміс медальдармен командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетейік, келесі Универсиада 2017 жылы Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или