Жәнібек Әлімханұлы белбеулеріне қатысты мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы белбеулеріне қатысты мәлімдеме жасады

Кәсіпқой рингте жеңілмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Twitter-дегі парақшасында жаңа мәлімдеме жасады.

Боксшы өзіне тиесілі WBO Global және WBC Continental белбеулерінің суретін жариялап, әлем чемпионы атану үшін белбеулерінен бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.

«Маған оларды ауыстыру керек. Әлем чемпионы белбеуі керек» – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін Жәнібек WBO тұжырымы бойынша бұрынғы «уақытша» әлем чемпионы және орта санаттағы WBC Silver титулының бұрын ие болған француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жегі 20 қарашаға шегерілгенін хабарлаған болатын. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Mandalay Bay Resort & Casino аренасында Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) - Шон Портердің (31-3-1, 17 КО) айқасының андеркартында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или