ҚФФ-ның жоспары қандай?

ҚФФ Президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан футбол Федерациясының конференциясында елімізде футболды дамыту жөніндегі бағдарламаларды ұсынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл жайында ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді. Жоба 2016-2022 жылдар аралығында іске асырылады.

«Бағдарламаның басты бағыты – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту. Елімізде футболмен айналысатын жас өрендердің көбеюі, сонымен қатар оларды даярлайтын бапкерлердің санын арттыру біздің көздеген мақсатымыз. 2022 жылға дейін футболмен айналысатын бүлдіршіндердің санын 386 мыңнан 750 мыңға дейін, яғни екі есеге арттыруымыз керек. Сонымен қатар, балалар жаттықтырушыларының жаңа толқынын даярлап, олардың да санын шамамен екі еседей арттыруымыз қажет.

Аталған жоспарларды іске асыруымыз үшін біздегі ауа-райының қолайсыздығы себепті жабық футбол манеждері мен футбол алаңдарын көбейту шараларын қолға аламыз. Клубтық футболдағы инфраструктураны дамыту керек. Мұндағы басты мақсат – клубтарды жекешелендіру. Ол үшін стадиондарды салуға міндеттейміз. Спорттық нысандардың көбеюін Федерация мемлекеттік және жеке меншік серіктестіктермен бірлесіп атқарады, сонымен қатар шет елдердің инвестиция құюын қарастырады», - дейді Қожағапанов.

Сонымен қатар, Президент легионерлер жөнінде де сөз қозғады: «Жақын арада регламентке өзгеріс енгіземіз. Бірінші лигада келесі жылдан бастап отандық футбол түлектері ғана өнер көрсететін болады».

Ерлан Қожағапанов келесі маусымнан бастап, Премьер-лига командаларының саны 12-ден 14-ке дейін өсетінін және екі айналым бойынша өткізілетінін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или