«Атырауды» жеңген клуб және Ресей мен Беларусьтегі жақсы таныстар. «Қайраттың» Элиталық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды
Футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» A тобына түсті. Алматылықтардың қарсыласы «Аньер-Вильнев», «Витэн» мен «Тюмень» болады. Келесі кезеңге тек топ жеңімпазы шығады.
«Қайраттықтар» негізгі кезеңде өз тобында жеңімпаз атанғандықтан, оларға рейтингі төмендеу клубтар түсті.

Элиталық кезең 2021 жылдың 30 қарашасы мен 5 желтоқсаны арасында өтеді. «Қайрат» өз матчтарын Ресейде, «Тюменьнің» алаңында өткізеді.
Айта кетейік, бұл Чемпиондар лигасында алматылық клуб рекорд орнатқан болатын. Бұған дейін ешкім турнирге 18 рет, Элиталық кезеңге 15 рет қатысып көрмеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или