Видео. Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Видео. Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Орта дивизиондағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық өзінің Twitter-дегі парақшасында тәлімгері Джеймс «Бадди» МакГиртпен бірге жаттығуының видеосын жариялады. «Ауыр жұмыс. Қазақ стилі », - деп атап өтті Әлімханұлы видеоның астында.

Еске салайық, Әлімханұлының келесі қарсыласы WBC Silver және WBO уақытша титулының бұрынғы иегері франциялық Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21 КО) болмақ. Жекпе-жек 20 қарашада Лас-Вегаста <span>Mandalay Bay Resort & Casino кешенінде</span> Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) - Шон Портер (31-3-1, 17 КО) жекпе-жегінің андеркардында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или