Нұрқанат Райыс әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
Белградтағы бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түстен кейінгі сессияда өнер көрсеткен соңғы қазақстандық Нұрқанат Райс (75 келі) жартылай финалға шығу үшін италиялық Сальваторе Кавальяромен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер Сальваторе жеңді деген қорытырды шығарды.
Еске сала кетейік, бүгін әлем чемпионатында тағы 5 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді: Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) .
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или