Сәкен Бибосынов: Қарсыласым осал емес

Сәкен Бибосынов: Қарсыласым осал емес

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. 1/8 айналымда ол үндістандық Дипакпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жектен соң шағын сұхбат берген Сәкен қарсыласының қарымды екенін атап өтті деп жазады Olympic.kz. 

"Қарсылас осал емес. Өте ауыр жекпе-жектердің бірі болды. Бұл боксшының өнерін бұрын да көріп жүргенмін. Бапкерлердің тактикасын дұрыс қолдандық. Мұнымен босаңсуға болмайды. Алда әлі үш кездесуім бар.

Мен мұнда қола немесе күміс үшін келген жоқпын. Алтын алып, еліміздің көк туын көтеруді мақсат еттім. Сондықтан, алға қарай басамыз. Қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысым шексіз", - деді Бибосынов. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или