Махмуд Сабырхан шотландиялық қарсыласы жайлы ойын айтты

Махмуд Сабырхан шотландиялық қарсыласы жайлы ойын айтты

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан (54 келі) Белградтағы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан соң, кішігірім сұхбат берді деп жазады Olympic.kz.

1/8 айналымда қазақстандық боксшы ирландиялық Мэттью Макхэйлмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

"Өте ыңғайсыз қарсылас болды. Оның кілтін бапкерлерімнің айтуымен екінші раундта таптым. Қуанышқа қарай, жеңіске жеттім. Алда Бразилия боксшысы күтіп тұр. Маған жанкүйер болған баршаңызға алғысым зор", - деді Махмұд.

Айта кетелік, Махмұд Сабырхан ширек финал кездесуін 2 қараша күні өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или