Қоңқабаев WBA рейтингісінде үздік ондыққа енді

Қоңқабаев WBA рейтингісінде үздік ондыққа енді

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылардың рейтигтегі орны мынадай:

Жан Кособуцкий, 12

Жан Кособуцкий (16-0, 12КО) аса ауыр салмақта 11-орыннан 12-орынға сырғыды. Ол тамыз айында америкалық Джоу Давейконы (21-8-4, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бұл салмақта үздік үштікте Даниэль Дюбуа (Британия), Майкл Хантер (АҚШ) және Роберт Хелениус (Финляния). WBA титулының иегері Александр Усик.

Қамшыбек Қоңқабаев, 10

Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек қоңқабаев оныншы, Серік Мұсәділов 13-орынға ие болды. ТОП-3: Юниэль Дортикос (Куба), Алексей Егоров (Ресей) және Баду Джек (Швеция). Чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Айдос Ербосынұлы, 1

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы бірінші орында тұр. Екінші орында ресейлік Федор Чудинов, үшінші орында британдық Джон Райдер жайғасқан. Бек Нұрмағанбет 12-орында қалды.

Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Садриддин Ахмедов, 13

Садриддин Ахмедов (12-0, 10КО) бірінші орта салмақта 14-орыннан 13-орынға көтерілді. Бұл салмақта француз Мишель Соро, өзбекстандық Исраил Мадримов және испаниялық Керман Лехарраг үздік үштікке жайғасқан. Ал чемпион америкалық Джермелл Чарло.

Евгений Павлов, 7

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта жетінші орынға жайғасты. Бұл салмақта америкалық боксшылар Рэиси Алим мен Ронни Риос және армян Азат Оганесян көш бастап тұр. Ал чемпионы - өзбек Муроджон Ахмадалиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или