Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Германия Бундеслигасындағы жолын жалғастыруда
Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко («Werder» клубы) мен Анастасия Лаврова («SV Schott») Германия Бундеслигасында кезекті үстел теннисінен кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Анастасия Лаврова, Эсе Харак (Түркия), Карлин ван Лиероп (Голландия), Катарина Бондаренко - Гец (Украина) Оффенбургте DJK командасымен келесі кезеңнің матчтарын өткізді.
Кездесу барысында команда 5:2 есебімен жеңіспен бастағанымен, өкінішке орай, қыздар басымдықты сақтай алмады. Матч 5:5 есебімен аяқталды. Анастасия «SV Schott» клубына екі ұпай сыйлады.
Бремендік «Werder» сапында Кирилл Герасименко, Маттиас Фальк, Марсело Агирре TSV Bad Kenigshofen командасынан 2:3 есебімен жеңілді.
Филип Зелько (TSV) - Марсело Агирре (Вердер) 3:0,
Килиан Орт (TSV) - Маттиас Фальк (Вердер) 2:3,
Бастиан Штегер (TSV) - Кирилл Герасименко (Вердер) 3:0,
Филип Зелько («TSV») - Маттиас Фальк («Вердер») 1:3,
Бастиан Стегер / Килиан Орт (TSV) - Кирилл Герасименко / Марсело Агирре (Вердер) 3:1.