Елена Рыбакина WTA рейтингінде жеке рекордын қайталады

Елена Рыбакина WTA рейтингінде жеке рекордын қайталады

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтің көшбасшысы австралиялық Эшли Барти болып қала береді. Екіншісі - белоруссиялық теннисші Арина Соболенко, үшінші орында - чехиялық Каролина Плишкова.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үш сатыға көтеріліп, жеке рекордын қайталап, 16-шы болды. Ал Юлия Путинцева 44 орында қалды. Зарина Дияс ТОП-100-ден тағы да шығып, екі позицияға – 102-орынға түсті.

Жұптық сында бельгиялық Элиза Мертенс бірінші орынға шықты, екінші орында чехиялық Катерина Синякова болды, оның отандасы Крейчикова үшінші орынға көтерілді.

«Дабл» рейтингінің бірінші жүздігінде қазақстандық Елена Рыбакина 49-шы, Анна Данилина 84-ші орынға көтерілді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или