Қазақстан құрамасы допты хоккейден Ресейге жол берді

Допты хоккейден өтіп жатқан ӘЧ-да Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылып, финалға шыға алмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан матчтың алғашқы 27 минутына дейін алаң қожайындарымен тең дәрежеде ойнады. Осы уақыт аралығында қарсыластар тек жалғыз ғана шайбаны қақпамызға дарытты. 28-ші минуттан бастап, ресейліктер қожайын екендіктерін танытып, ойынды өз қолдарына толықтай алды. Үзіліске аз қалғанда, Сергей Мяус шәкірттері Андрей Рейн қорғаған қақпаға алты шайба дарытып үлгерді.

Екінші таймда қарсыластардың гол салуға деген ұмтылыстары жоғары болды. Андрей Рейннің орнына шыққан Ілияс Хайрекишев өз қақпасын голдан аман сақтап қала алмады, ресейліктер сегіз гол соғып үлгерді. Қазақстандықтардың шабуылынан ештеңе де өнбеді.

Енді қазақстандықтар сәуірдің үшінде қола медаль үшін таласта Финлияндияға қарсы ойын өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Ал ресейліктер төртінші сәуірде, сағат 12:00-де Швеция құрамасымен алтынды сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или